6.04.2022, 14:45
Оқылды: 57

Жәнібек ауданында төтенше жағдай жарияланды

Көктемгі су тасқыны зардаптарын жою мақсатында Жәнібек ауданында төтенше жағдай жарияланды. Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиевтің биылғы 5 сәуірдегі №1 шешіміне сәйкес Жақсыбай, Талов және Борсы ауылдық округтерінің аумағындағы жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

IMG_20220406_103147

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов басшылық етеді.

Айта кетейік, апаттың салдарын жоюға Жәнібек ауданы әкімдігі, Жақсыбай ауылдық округі әкімі аппараты, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, Жәнібек ауданы бойынша шекара басқармасы, БҚО, Атырау қаласынан төтенше жағдайлар департаменті, Орал қаласы, Казталов, Бөкей ордасы аудандарының азаматтық қорғау мамандары, көршілес Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының төтенше жағдайлар департаментінің арнайы техникалары, ауыл тұрғындары көмек көрсетті.

Күні бүгінге барлық су кірген тұрғын үйлердегі сулар сорылып, құрғатылды. Барлық әлеуметтік нысандар жұмыстарын бастады.

Ә.Кәрім,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале