21.01.2025, 22:00
Оқылды: 7

Жәнібек ауданында үш отбасы «қолайсыз» деп танылып тұр

Бүгін аудан әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдоловтың төрағалығымен кәмелет жасқа толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.

image-21-01-25-07-17-3
Кезекті отырыста мектепішілік және полиция бөлімінде есепте тұрған балалар туралы, аталған балалардың отбасы жағдайын зерделеу, балаларды спорт секциялары мен үйірмелерге тарту туралы және мектептердегі әскери патриоттық тәрбие беру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәселе қозғалды. Көтеріліп отырған мәселелерге тікелей жауапты аудандық білім беру бөлімі болғандықтан, алдымен аталған бөлім басшысының міндетін уақытша атқарушы Айнұр Елемесова тақырып бойынша баяндамасын комиссия қатысушыларының назарына ұсынды. Баяндамасында ол мектептердегі әскери патриоттық тәрбие беру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде толық айтып өтті. Жуырда ардагерлер үйінде өткен жиынға қатысқан Жақсылық Каримоллаұлының сөзінше, өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сезімді ұялатып, отансүйгіштікке баулу мақсатында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында ауданымызға республикалық генералдар кеңесі шақырылып, олардың қатысуымен әскери шеру өтпекші.
Сол сияқты аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Дарын Сұлтановтың баяндауынша, Жәнібек аудандық полиция бөлімінің есебінде тұрған кәмелетке толмаған жасөспірімдер жоқ. Дегенмен 3 отбасы «қолайсыз» деп танылып, жыл басынан олардың тарапынан құқықбұзушылықтар тіркелмеген. Ал олардың мектеп жасындағы балалары түрлі үйірмелерге қатысып, түрлі дәрежедегі жарыстырға барып тұрады.

image-21-01-25-07-17-2
Комиссия отырысындағы мәселелер кеңінен талқыланып, Жақсылық Каримоллаұлы жиынды қорытындылады.

Арай Сейфолла
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале