16.04.2025, 11:45
Оқылды: 138

Жәнібек ауданында жыл сайын ауыл көшелеріне асфальт төселіп жатыр

 

Жәнібек ауданының әкімі Тимур Шиниязов пен оның орынбасары Мирболат Бисенов және аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Рустам Аманғалиев Күйгенкөл ауылы ішіндегі тас жолының құрылыс барысын қадағалады.

image-15-04-25-05-32-5Бұған дейін ауыл тұрғындары А.Тайманов пен Т.Жароков көшелеріне қатқыл табанды жол салу мәселесін көтеріп келді. Биыл сұраныстары жүзеге асып, қос көшенің жолына асфальт төселетін болады. Жол жабынын төсеу жұмыстарын «Ақтөбе жарық» ЖШС атқаруда. Асфальт төсеуге облыстық бюджеттен 238 млн теңге көлемінде қаржы бөлінді. Тимур Серікұлы учаске бастығы Қанат Самитеевпен кездесіп, жұмыс барысын талқылады.

image-15-04-25-05-32

Учаске бастығының айтуынша, ауа райы қолайлы болса, жұмыстарды мерзімінен ерте аяқтауға тырысып көреді. Дегенмен, санынан гөрі сапасына қарайтын Тимур Серікұлы мердігерге жұмыстарды сапалы жасауды тапсырды. Қос көше жолының ұзындығы 2 шақырым 150 метрді құраса, ені стандартқа сай 6 метр болады. Қазіргі таңда жолды қыру жұмыстары аяқталып, қиыршық тас пен құм төселіп жатыр.

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

image-15-04-25-05-32-1 image-15-04-25-05-32-3

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале