26.05.2021, 19:47
Оқылды: 60

Жәнібек ауданының әкімі ауданға қарасты елді мекендердегі жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты

Бүгін Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев Күйгенкөл ауылдық округіне қарасты Жасқайрат ауылына кіреберіс жолдағы күрделі жөндеу обьектісінің жұмыс барысымен танысты.

IMG-20210526-WA0062

Жол жөндеу жұмыстарын атқару үшін мердігер «Жайық сити» ЖШС-ға келісімшарт негізінде республикалық және облыстық бюджеттерден 148 млн. теңге қаржы қарастырылған.

Қазіргі таңда мердігер жолдың негізгі конструкциясын даярлау және су өткізгіш құбырларды орналастыру жұмыстарын жүргізуде.

IMG-20210526-WA0064

Азамат Сафималиұлы аталмыш жобаның орындалуы жергілікті халық үшін маңызды екенін жеткізді. Болашақта республикалық жол жөнделген жағдайда бұл жол да республикалық жолмен қосылып, Жасқайрат ауылының тұрғындарына қолайлы болатынын атап өтті. Жұмыс қыркүйек айында аяқталады.

Сондай-ақ аудан басшысы республикалық жолды жөндеп жатқан «Теміржол жөндеу» ЖШС-нің жұмыс барысымен танысты. Соның ішінде ол 95-105 км аралығын жөндеуге кіріскен «Шебер» ЖШС-нің учаскесінде, Өнегеде орналасқан «Теміржол жөндеу» ЖШС-нің базасында және Ұзынкөл ауылдық округінің қасындағы 118-138 км жолды жөндеуді өз міндетіне алған «АрыстанСтройПроект» ЖШС-нің жұмыстарын көрді.

IMG-20210526-WA0063

Аудан әкімі нысандарды аралау барысында мердігер өкілдеріне аудан тұрғындарының жолдың жөнделуін күтіп отырғанын айтып, жұмысты сапалы орындауды тапсырды.

Бақытжан Серіков,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале