Бүгін Жәнібек ауданы әкімі Тимур Шиниязов «AMANAT» партиясы аудандық филиалының ғимаратында тұрғындармен кездесті.
Тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдады. Ашық пікір алмасу өтіп, күрделі түйткілдердің түйіні тарқатылды.
Жиынға дербес бөлім басшылары қатысты. Жеке қабылдауға келгендер тұрғын үй кезегіне қатысты сұрақтарын қойып, жұмысқа тұру, ауылішілік маршруттың мектеп алдына тоқтауын, бірреттік әлеуметтік төлем, мүмкіндігі шектеулі жандардың уәжін арқалап келген тұрғындар өздерінің жиі назардан тыс қалып жататындығын жеткізді.
Сонымен қатар ерекше жандарды тасымалдау үшін ауылішілік қоғамдық көлік бөлінуін сұрады. Аудан әкімі тұрғындардың әрбір өтініші ескерусіз әрі жауапсыз қалмауы қажеттігін ескертіп, жауапты мамандар мен сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Барлық көтерілген мәселелер заң шеңберінде қаралатынын түсіндіріп, тиісті сала мамандарының талқылауымен жан-жақты саралана отырып шешілетінін жеткізді.
Бану Самат
Жәнібек ауданы