15.09.2024, 9:47
Оқылды: 110

Жәнібек ауылдық округі әкімінің лауазымына кезектен тыс сайлау өтіп жатыр

Бүгін учаскелік комиссия мүшелері, байқаушылар, сенім білдірген адамдар және қоғамдық бірлестік өкілдерінің қатысуымен сайлау туралы заңның талаптарына сай сайлау учаскелерін ресми түрде ашты. Таңғы 07:00-де басталған дауыс беру кешкі 20:00-де аяқталады.  

image-15-09-24-09-32-1

Сайлау №136, 137, 138, 139, 140 учаскелерінде ұйымдастырылуда. Жалпы сайлаушылар тізіміне 4957 адам енгізілген. Сайлау процессін бақылауға азаматтық қоғам өкілдерінен 6 адам қатысуда.

Сайлау қорытындысы бойынша аталмыш ауылдық округтің әкімі анықталатын болады.

67 жастағы Жәнібек ауылының тұрғыны Бәтима Идрисова №138 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Аталған сайлау учаскесінің төрағасы Максим Сүндетов Б.Идрисоваға учаске атынан сый-сияпат табыстады.

Темірлан Аронов бірінші дауыс берді

image-15-09-24-07-37-2

- Бүгін ауыл әкімін сайлау үшін учаскеге келдім. Жауапкершілік жүгі халыққа түседі. Ел басқарып, халық көңілінен шығатын азаматты таңдап алу — біздің еншімізде. Әр ауылдың өзіндік мұң-мұқтажы мен атқарылар ұлан-ғайыр істері бар. Әкім үшін ең бастысы, осы істердің басы-қасында халықпен бірге жүру.

Бұл сайлау — қызметін адал атқарып, халық алғысын алам дегендер үшін зор мүмкіндік. Еңбегін бағалап, ел қолдап жатса, ердің беделінің биіктегені сол емес пе? Ең бастысы, арына, абыройына адал азаматтарымыз әкім болса екен, - дейді Темірлан.

Айта кету керек, ауылдық округ бойынша 4957 тұрғын өз дауысын беретін болады.

Темірлан дауыс берген №138 сайлау учаскесінде 1031 сайлаушы бар.

 

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале