Бүгін Жәнібек ауылдық округінің әкімі Абзал Қаратаев тұрғындармен кездесті. Оған аудан әкімі Тимур Шиниязов, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлімдер мен мекемелердің басшылары және мамандары қатысты.
Жиында Абзал Бақытұлы жекенің мал бағымын ұйымдастыру, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, санитариялық-экологиялық айлықты өткізу, зираттарды қоршау, көшелерді жарықтандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды айтып өтті.
Одан кейін аудан басшысы Тимур Серікұлы сөз алып, аудан бюджеті, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік, әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, құрылыс салалары бойынша жүріп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Әрі қарай жиын сұрақ-жауап түрінде өрбіп, тұрғындар тарапынан қойылған түрлі сауалдарға аудан әкімі Тимур Шиниязов пен аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов жауап берді. Соңында жиынның қаулысы қабылданды.
Асқар Құсайынов
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz