15.02.2024, 21:54
Оқылды: 57

Жәнібек ауылының электр бағаларына таймер-реле орнатылды

Жәнібек ауылының А.Байтұрсынов, Т.Жароков, Е.Ниетқалиев, И.Жұмаев, Ш.Шарафетдинов, Д.Нұрпейісова, Ғ.Абдуллин атындағы көшелеріндегі және Жеңіс көшесіндегі электр бағаналарына таймер реле орнатылған болатын. Айта кетейік, таймер-реленің көмегімен көше жарықтары уақтылы жанып, өшіп тұрады.

msg809220844-13675

Тиімді құрылғыға мемлекеттік сатып алудың нәтижесінде 347 600 теңге бөлініп, 20 таймер-реле алынды. Бұл туралы Жәнібек ауылының әкімі Абзал Қаратаевпен пікірлескен едік. Таймердің арқасында бір айдың өзінде 700 мың теңге қаражат үнемделген.

- Үнемделген ақшаны басқа көшелерге жарық жүргізуге немесе өзге де маңызды, ел игіліне арналған жұмыстарға қолданамыз,- деді Абзал Бақытұлы.

Енді аудан тұрғындары түнгі бірде өшкен жарыққа түсінушілік танытып, қаражат үнемдеуді бірге қолдаса, нұр үстіне нұр болмақ! Қазақ қашанда "ысырап қылма, әр нәрсені үнеммен пайдалан" деген ұстанымды берік ұстанған. Қарапайым өзіміздің үйімізде беймезгіл уақытта жарық қоспай, өз қалтамыздан кететін қаржыға үнеммен қараймыз. Бұл таймер-реле аудан қаражатын үнемдейтінін ескерсек, тіпті ол ақша өзге істерге берілетінін назарға алсақ құптарлық идея екендігіне күмән келтіре алмаймыз.

Ақтілек Әлібекұлы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале