24.09.2025, 15:45
Оқылды: 85

Жәнібек ауылының көшелеріне тратуар салынуда

​Жәнібек ауданының орталығында Ш.Мәжитов пен Абай көшелерінде жаяу жүргіншілер жолы салынуда. Ағымдағы жылдың мамыр айында басталған жұмыстар аяқтала келді. Жұмыстың 90 пайызы артта қалды. Құрылыс жұмыстарына аудандық бюджеттен 138 238,0 мың теңге қаражат бөлінген. Мердігері – «Батыс Құрылыс Қызмет» ЖШС.

image-24-09-25-02-18

Күні бүгінге қос көшеге жиектеу мен цемент қию жұмыстары түгелдей атқарылды. Жалпы ұзындығы 4,1 шақырым тротуардың күні бүгінге 3,5 шақырымына асфальт төселді.

image-24-09-25-02-18-1

​Дәл осындай жұмыстар, яғни тротуар төсеу жұмыстары Борсы ауылдық округіне қарасты Тегісшіл елді мекенінде жүріп жатыр. Ондағы қаражат құны 21 657,9 мың теңгені құрайды. Бас мердігер – «Venest Stroy» ЖШС. Тегісшіл ауылындағы жұмыстар, яғни 1000 метр тротуар салу жұмыстары түгелдей атқарылды. Ендігі кезекте жұмыстарды қабылдап алу қалды.

image-24-09-25-02-18-3

​Сонымен қатар Жәнібек ауылындағы шойын жолдың арғы бетіндегі Наурыз, Р.Егізбаев пен А.Оразбаева көшелерінде де жаяу жүргіншілер жолы салынып жатыр. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер «UNEX Kazakhstan» ЖШС күні бүгінге 900 метр жолды жиектеп, цемент қию жұмыстарын атқарып келеді.

 

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале