Таяуда Сырым ауданында 25 қазан – Республика күніне орай ерлер мен әйелдер арасында дәстүрлі садақ атудан батыс аймақтық ашық турнирі өтті.
Оған қатысқан Жәнібек ауданы спортшылары керемет нәтиже көрсетті. Дәлірек айтсақ, Ұзынкөл ауылының нұсқаушысы Мейіржан Теміржанов «Пұта – 70 м» нысанасы бойынша І орын, «Жамбы – 30 метр» нысанасы бойынша ІІІ орыннан көрінді.
«Қалқан – 50 метр» нысанасы бойынша ақобалық Төрехан Нәсиев ІІ орын алса, жамбы атудан Жәнібек командасы жүлделі І орынды қанжығаға байлады.
Жалпыкомандалық нәтижеде Жәнібек ауданының командасы облыстың үздік командасы атанып, І орынды иеленді.
Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы