Жәнібек ауданы әкімдігінің тапсырмасына сәйкес аудандық «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің жалынды жастары зейнеткер Надежда Лемякинаның үйіне барып, ауласын басқан қарды аршуға жәрдемдесті. Бірлестік төрағасы Нұрлыхан Кәрімов:
- Ауданда жалғыз тұратын үлкен кісі көп. Солардың бірі Надежда әжеміздің ақ батасын алдық. Бұл аудан жастары үшін маңызды жұмыстың бірі. Жабыққан көңілге сәл де болса, жұбаныш болып, әжемізбен әңгімелестік. Алдағы уақытта аудандағы зейнеткерлерге қолұшын созып, үй шаруасына көмектесу жоспарда бар. Жоспардан бөлек жастарды жинап, бос уақытымызда үйлеріне барып, қолымыздан келгенше қолғабыс жасауға тырысамыз! Үлкендеріміз аман болсын,- деді.
Әлібек Қаржау,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz