11.11.2021, 18:55
Оқылды: 93

«Жәнібек жұлдызы-2021» анықталды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында аудандық мәдениет үйінде талантты, дарынды өнер иелерін анықтау мақсатында «Жәнібек жұлдызы-2021» байқауы өтті.

WhatsApp Image 2021-11-11 at 18.50.49

Осыдан бір ай бұрын аталмыш байқауға іріктеу жарияланған болатын. Іріктеу жабық түрде өтіп, біраз жан бақ сынады. Іріктеуден өткен өнерпаздар байқауда өз өнерлерін көрсетті. Байқау мақсаты өнерлі жандарды тауып, оларды қолдау, шыңдау болып табылады.

Өнер додасы екі бөлімнен тұрды, яғни әр қатысушы екі өнерден көрсетті. 2015 жылы облыстық «Үздік мемлекеттік қызметші» болған, 3 баланың анасы Айымжан Егеуова монолог оқып, ән шырқаса, таулық Жанна Нұрболатқызы М.Мақатаевтың «Сәби ана» монологын оқып, әдемі әнін әділқазы алқасы мен көрермендерге тарту етті. Сонымен қатар, Ақкүн Ыбыраева ән шырқап, би билесе, Нұркен Үмбетәлиев С.Ғұламаның «Ей бақытты адамдар анасы бар» монологы мен «Қиялдағы ару» әнімен көрерменді тәнті етті. Күйгенкөл ауылдық округінің Көлтабан елді мекеннің тұрғыны Азамат Ноғайлиев домбырамен ән шырқап, «Айқаракөз» халық әнін баршаға ұсынды. Миржан Теміржанов «Менің жолым» әнін орындады. Сондай-ақ, Нұрперзент Бисенғалиев керемет дауысымен көрермен көңілін көтерді.

WhatsApp Image 2021-11-11 at 18.50.49 (1)

Байқау нәтижесінде, М.Теміржановқа, Н.Үмбетәлиевке, Н.Бисенғалиевке 5 мың теңгелік сертификаттар табыс етілді. Бас жүлдені А.Ноғайлиев (30 мың тг.) ұтып алды. I орынды А.Ыбыраева (20 мың тг.) алса, II орынға А.Егеуова (15 мың тг.) ие болды. Ал III орыннан Ж.Нұрболатқызы (10 мың тг.) көрінді.

Кеште аудан көркемөнерпаздары Жайнагүл Хамматова, Данияр Балтабеков, Шынар Каюпова, Рита Малаева, «Жәнібек дауысы-2019» байқауының қатысушысы Әлібек Мақсотов өнер көрсетті.

 

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале