Жәнібек ауданында жарияланған төтенше жағдайдың шеңберінде мал азығын жеткізу жалғасып жатыр.
Кеше Тау ауылдық округіне қарасты Жұмаев елді мекеніне мал азығының алғашқы легі жеткізілді. Айдос Әлібеков бастаған «ОралСпецТех» ЖШС-і 2 көлік тиелген 133 орамашөпті ауыл тұрғындарына әкеліп берді.
Сол сияқты Күйгенкөл ауылдық округінеде мал азығы жеткізіліп, ауыл тұрғындарының аулаларына түсірілді.
Бұдан бұрын жазғанымыздай, ауданға мал азығы жеткізілуі жалғаса беретін болады.
Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы