18.10.2024, 21:30
Оқылды: 261

Жәнібекта жаппай көкпардан жарыс өтіп жатыр

Қазақтың ұлылығы мен даналығын бүкіл әлемге паш ететін мәдениеті мен салт-дәстүрі болса, соның ең бастысы ұлттық спорт ойындары екені даусыз. Көкпар – бұл қазақтың төл мұрасы, ойынның ең мықтысы. Бұған жүректі жігіттер ғана қатысқан. Осы орайда «Жайлау» ат спорты кешенінде Жәнібек аудандық ұлттық спорт федерациясының ұйымдастыруымен Республика күніне орай жаппай көкпардан аудандық жарыс өтіп жатыр. 

image-18-10-24-06-37

​Жаппай көкпардың ашылу салтанатында аудандық ұлттық спорт федерациясының төрағасы Арсен Кенжәлиев сөз алып, спортшыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар жылқы десе жанын беретін, нағыз ұлтжанды азамат, ауданымыздың ұлттық спорттың дамуына айрықша еңбек еткен, бүгінде Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Орынбасар Ғилымов та өз тілегін арнады.

​Жаппай көкпарға ауданымыздың мықты деген шабандоздарынан бөлек Сырым ауданы Жымпиты ауылы мен Казталов ауданы Қошанкөл ауылынан келген мықтылар қатысуда.

​Ел азаматтары Ренат Қалмияров, Ерболат Молдағалиев бір-бір қойдан, Нұрболат Хайырлиев елу мың ақша, Бөкей ордасы ауданы Хан ордасы ауылының 1965 жылы туған азаматтары ірі қара мал, Ақоба ауылының тумасы, шаруа қожалық иесі Абай Жұмақұлов бір серкесін тігіп, демеушілік көрсетуде.

image-18-10-24-06-37-2

​Жұлқынған асау тұлпарға,

​Жабысып қалсын тақымың!

​Жармасқан шақта көкпарға,

​Жауыңнан бетер жақының, - демекші көкпаршылар салымдарыңыз көп болсын демекпіз.

Гүлзара Мәди  

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале