16.03.2017, 12:19
Оқылды: 63

Жәнібекте 464 жаңа жұмыс орны ашылады


  Жәнібек аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрпейіс Елемесовтың айтуынша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен Батыс Қазақстан облысы әкімі арасында жұмыс орындарын құру бойынша меморандум жасақталуда.


  Меморандум бойынша ауданда 464 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Нақтырақ айтқанда, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар ауқымында 72, заңды және жеке тұлғалардың бастамасы негізінде 128 жаңа жұмыс орны пайда болады. Сондай-ақ есепті кезеңде жұмыс берушілер тарапынан босатылған бос жұмыс орындары есебінен 264 азамат екі қолға бір күрек таппақ.

  Н.Жапақов

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале