23.12.2024, 17:45
Оқылды: 16

Жәнібекте аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

Бүгін Жәнібек әкімдігінде аудандық мәслихат төрағасы Тахир Қадимовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті жиырма тоғызыншы сессиясы өтіп, оған аудан әкімі Тимур Шиниязов, аудан әкімінің орынбасары, облыстық мәслихаттың депутаты Есқайыр Елемесов, дербес бөлімдердің басшылары мен қоғамдық ұйымдардың төрағалары қатысты.
image-23-12-24-05-25-1
Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер ұсынылды:
Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №14-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы және «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Руслан Сариев, аудандық мәслихат төрағасының 2024 жылы атқарған жұмысының есебі туралы аудандық мәслихат төрағасы Тахир Қадимов, аудандық мәслихаттың 2025 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары туралы, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ағымдағы жылы атқарған жұмысының есебі туралы осы бөлімнің басшысы Нұрболат Садырбаев, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар туралы және Жәнібек ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарнама мөлшерлемелерін бекіту туралы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрболат Әбдірешев, Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі «Жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы» №26-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы, аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 28 маусымдағы «Ұлы Отан соғысы кезіндегі еңбек өтілін анықтау жөніндегі арнайы комиссияның құрамы туралы» №33-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы, аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 2 маусымдағы «Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты аудандық комиссия құру туралы», Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қарашадағы «Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі комиссияның құрамы туралы» №13-13 шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қарашадағы «Аудан әкімі жанындағы жастар кеңесінің құрамы туралы» №13-10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қарашадағы «Мүгедектігі бар адамдар істері жөніндегі аудандық кеңес құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудан әкімі жанындағы комиссиялар бойынша аудан әкімі аппаратының бас инспектор-заңгері Ұшқын Ғазезов хабарлама жасады.
image-23-12-24-05-25-2
Сондай-ақ сессияда аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, инфрақұрылым, аграрлық, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Біржан Қуанәлиев пен әлеуметтік саясат, білім беру, мәдениет және спорт, денсаулық сақтау, жастар ісі, құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Берік Ықсанов қаралған кейбір мәселелер бойынша өз ұсыныстарын жасады.
Аудандық мәслихат депутаттары күн тәртібінде қаралған мәселелер мен енгізілген өзгерістерді біраузыдан қолдап дауыс берді.
Сессияда сөз сөйлеген аудан басшысы Тимур Серікұлы биыл атқарылған жұмыстарды бір шолып өтіп, келесі жылы атқарылуы тиіс ауқымды міндеттерді атап өтті.
Асқар Құсайынов
Жәнібек ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале