1.06.2024, 17:30
Оқылды: 67

Жәнібекте Балаларды қорғау күні аталып өтті

Бүгін Жәнібек аудандық мәдениет үйінде аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мен мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, «Алтын ұя», «Жәнібек», «Балдәурен» бөбекжайлары мен кітапхананың белсенді оқырмандарының қатысуымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалардың күлкісі – көркі, сәні әлемнің» атты мерекелік шара өтті. 

image-01-06-24-11-27-5

Шарада «AMANAT» партиясы аудандық филиалдың төрағасы Біржан Қуанәлиев сөз алып: «Бүгін балаларды қорғау күні мерекесі ғана емес, сонымен қатар болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыратын айтулы мереке»,- деп барша жиналғандарды құттықтады.

image-01-06-24-11-27-4

Мерекелік шарада аудандық «Ақмаржан» халықтық би ансамблінің бишілері «Чунга-чанга» биін билесе, Айлин Биболат пен Аяна Қаметтің орындауында «Әсем ән» әні шырқалды. Сонымен қатар «Балдәурен» бөбекжайының тәрбиеленушісі, аудандық мектепке дейінгі ұйым арасындағы «Айгөлек» байқауының 3-ші орын иегері Адия Байғазиева «Балабақша арайлым» әнін орындады. «Алтын ұя» бөбекжайының бүлдіршіндері болса, «Стюардесса» биімен көрерменнің ықыласына бөленді. Медина Аманғалиева мен Нұрасыл Нұрлыбай «Тұлпарым» әнін шырқады. Сол сияқты «Жәнібек» бөбекжайының бүлдіршіндері «Ретро» биін билесе, Жаннұр Файзолла «Анашым» әнін аналарға арнады. Сондай-ақ «Қызыл телпек» биі көрермен көңілін серпілтті.

image-01-06-24-11-27-3

Мерекелік шара «Менің өлкем» әнімен өз мәресіне жетті.

image-01-06-24-11-27-1

Соңында аудандық мәдениет үйінің әкімшілігі аудан орталығындағы үш бөбекжайға сый-сияпаттарын тарты етті.

Гүлзара Мәди, 

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале