21.06.2024, 9:17
Оқылды: 56

Жәнібекте бес айда он жас некесін қиған

Бүгін Жәнібек ауданы әкімдігінде аудан әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес отырысы өтті. Жиынға кеңес мүшелері, аудан жастары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

8668C7AF-18AA-4F9C-9A98-379E27371140

«Еліміздің болашағы жастар, сондықтан оларға үлкен үміт артылып отыр. Тәуелсіздік жылдарында көп жетістікке қол жеткіздік. Мемлекетіміздің нығая түсуіне мол үлес қосу үшін жастар енді бұрынғыдан да белсенді болуы керек. Елдің ертеңгі сенімі де жастардың мойнында. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші жастар», - деп аудан әкімі Тимур Серікұлы жиынды ашып, жүргізіп отырды.

Күн тәртібінде аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Мөлдір Әбдірешева мен «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрлыхан Кәрімов аудан жастарының бос уақытын тиімді өткізу мақсатында жүргізілген жұмыстар хақында баяндаса, республикалық, облыстық, аудандық деңгейдегі спорттағы жастардың және оқушылардың жетістіктеріне аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі директорының міндетін атқарушы Сырым Байсов пен «Жәнібек» спорт клубы директорының міндетін атқарушы Бекжан Неғметов тоқталды.

Аудан жастары мен спортшылардың белсенділігі газетіміздің әлеуметтік желідегі парақшалары мен газет бетінде үнемі жарық көріп келеді. Сол себепті тоқталуды жөн санамадық.

Сонымен қатар аудан бойынша 2023 жылы некеге тұру және ажырасу деңгейі туралы аудандық АХАТ бөлімінің басшысы Гүлмира Дүйсенбаева айтты.

7E71B82F-3754-4F67-830B-CC43ACEC1ED6

– Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу АХАТ бөлімімен электронды түрде «Азаматтық хал актілері жазбалары» ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі. АХАТ бөлімі тууды, қайтыс болуды, неке (ерлі-зайыптылықты) қию және бұзуды, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеуді жүргізеді. Сонымен қатар азаматтық хал актілері жазбаларын өзгертеді, толықтырады, оның ішінде әке (ана) болуды белгілеу, ұл (қыз) бала асырап алу кезінде, түзетеді, жазбаларды қалпына келтіреді және жояды. Сол сияқты бастапқы және қайталама куәліктерді, анықтамаларды, азаматтық хал актілерінің көшірмелерін беріп, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу кітаптарының және куәлік бланкілерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Бастапқы тіркеу орны бойынша акт кітаптары 75 жыл бойы сақталады. Содан кейін тиісті мемлекеттік мұрағатқа беріледі.

Ауданы бойынша 2022 жылы 33 неке қию туралы акт жазбасы тіркелсе, соның ішінде 26 жас отбасы құрылды. Ал 2023 жылы 50 неке қию туралы акт жазбасы тіркеліп, 39 жас өз отбасын құрды. Биыл бес айда 15 неке қию туралы акт жазбасы тіркелсе, соның 10-ы отбасын құрды. 2022 жылы жас отбасылар арасында үш неке бұзу дерегі тіркелсе, 2023 жылы екі отбасы ажырасты. Биыл неке бұзу деректері тіркелмеген, - деді Гүлмира Қанатқызы.

Жиын барысында Нұрлыхан Маралбекұлы Германияда өтіп жатқан футболдан Еуропа чемпионатының мачтарын мәдениет үйіндегі LED-экраннан көрсетілуін ұйымдастыру бойынша ұсынысын айтса, Сырым Жәрдемұлы аудан аяқдопшыларына арена салып беру бағытында жұмыстануды жөн көріп отыр.

Ұсыныс пен пікірлерді қабыл алған аудан басшысы Тимур Серікұлы жиынды қорытындылады.

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале