1.05.2024, 12:00
Оқылды: 49

Жәнібекте Бірлік күні мерекесі тойланды

«Ырыс қайда барасың? Ынтымаққа барамын!» дейді халықтың әпсанасы. «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген де қазақтың дана сөзі бар. Шындығында, Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі экономикалық-әлеуметтік салаларындағы тұтас жетістіктері тек бірліктің, сол бірлік арқылы келетін тұрақтылықтың арқасында ғана орын алды.

IMG-20240430-WA0123

Мамырдың алғашқы күні – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі тойланады. Осы орайда Жәнібек аудандық мәдениет үйінде мерекелік шара өтті.

IMG-20240430-WA0124(1)

Сахнаға көтерілген аудан әкімінің орынбасары Мирболат Бисенов мерекеге жиылған жұртшылықты құттықтады.

- «Береке бастауы - бірлік, ел іші - тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мерекенің орны ерекше.

Жыл сайын атаулы мерекеге Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Баршаңызды мерекемен құттықтап, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке мен бірлік тілеймін, - деді Мирболат Бауыржанұлы.

IMG-20240430-WA0125

Бірнеше жылдан кейін орын алған табиғаттың тосыны облыс жұртшылығын әбігерге салды. Облыстың бірнеше ауданы қызыл судың астында қалды. Судан аман қалған елдімекендерді ел болып қорғап қалуға бар күш-жігерімізді салдық. Ауданнан атанған еріктілер де қолдан келгенше еңбек етті.

IMG-20240430-WA0126

Осы орайда аудан әкімінің орынбасары еріктілер қатарында болған басшылар, ұстаздар, жастар, спортшыларды аудан әкімі Тимур Шиниязовтың алғысхатымен марапаттап, құрмет көрсетті.

IMG-20240430-WA0128

Атап айтар болсақ, Ж.Абдолов, М.Әбдірешева, Н.Кәрімов, Б.Хайрушев, Р.Хайрушев, Е.Уәхитов, Р.Кәрімов, Б.Ғұбашев, А.Дәулетов, М.Теміржанов, Р.Болатов, Е.Мұратқалиев, Е.Жүсіпов, Н.Едігенов,  Е.Шниязов, Р.Сердалиев, А.Есекеев, Н.Мизамбаев, М.Хамиев, М.Төлешов, Р.Досанов, А.Қаратаев, С.Шманов, Н.Есімов, Д.Қуанышалиев, И.Дүйсекешов, Н.Демеуов, Н.Қабылханов, Е.Жүнісов, Е.Неғметов, Е.Нұрсұлтан, С.Сикенов, М.Жұмашев, А.Қазбеков, М.Иманғалиев, А.Зайтуков, А.Әмірханов, С.Сырымов, Р.Айтқалиев, З.Ералиев, Е.Махсотов, Е.Жүсіпқалиев, А.Дишенов, Е.Темірғалиев, У.Досалиев, Ж.Жайлыбай, Р.Ахмулдин, Б.Мұсаев, Е.Лұқпанов, А.Қамашев, Н.Ажығалиев, М.Өтегенов, О.Құсайынов, Б.Рамазанов, Б.Мұхтаров, Е.Бекесов, Қ.Нұрмұқанов, Д.Зинуллин, К.Машаев, А.Қамашев, Б.Бейбітұлы, Е.Ерланов жұмыспен санаспай, қарғын судың алдын алуға көмектесті.

IMG-20240430-WA0127

Шара мерекелік концертпен ұласты. Аудан өнерпаздары Р.Кәрімов, Т.Кафарова, Ш.Каюпова, Р.Хайрушев, Д.Зинуллин, Қ.Аждуов, Л.Сәбитова, Г.Биғали әннен шашу шашса, «Жәнібек сазы» халықтық-фольклорлық ансамблі, «Надежда» мен «Әжелер» ансамбльдері, аудандық балалар жасөспірімдер туризм және экология орталығының «Бард әндер» үйірмесінің «Альтаир» ансамблі, аудандық балалар саз мектебі жанынан құрылған вокалды топ өнерлерімен көрерменді тәнті етті.

IMG-20240430-WA0129

Мың бұралған «Ақмаржан» халықтық би тобы қазақ және өзге елдің биін билеп, қошеметке бөленді.

Шара «Бір үйдің баласындай» әнімен мәресіне жетті.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале