15.06.2024, 17:00
Оқылды: 44

Жәнібекте «Екі жұлдыздың» жұлдызы жанбақ

Жәнібек аудандық мәдениет және демалыс саябағында «Екі жұлдыз» шоу бағдарламасы басталды.

image-15-06-24-10-51-2

Шара шымылдығын осыдан 15 жыл бұрын шоудың алғашқы қатысушысы болған Лариса Абдуғалиева мен Нұрлыхан Кәрімов ашты.

image-15-06-24-10-51-6

Қазылар алқасының мүшелері таныстырылып, әрқайсысына жеке тоқталды. Құрамында әнші, әйгілі Кәрімовтар отбасылық ансамбілінің жетекшісі, сегіз қырлы бір сырлы Алтынбек Кәрімов, аудандық мәслихаттың төрағасы Тахир Қадимов, үздік мәдениет қызметкері, Жәнібектің Тұнғышбайы Амангелді Насипов, өнерге таласы бар жан аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы Асқар Сәрсенғалиев, мәдениеттің нағыз майдангері, аудандық демалыс орталығының көркемдік жетекшісі Анаргүл Ахмулдина Анаргүл болды.

image-15-06-24-10-51-4

Ән додасына 7 жұп қатысып, бірінші кезең еркін тақырыптағы әнмен басталды. Доданың жұптары Райымбек Кәрімов пен Нарынбек Халелов, Асылан Боранбаев пен өнерді жаны сүйетін Гүлзия Хамиева, Жеңісбек Жүсіп пен өнерге ғашық жан Аида Исқақова, Райымбек Нұрғалиев пен информатика пәнінің мұғалімі, керек десең әнші болып кететін Айбол Серіков, Алма Жанай мен ерекше есімді Арген Ұзақбай, Қуаныш Аждуов пен «Шұғыла» газетінің жас тілшісі Арай Сейфуллиева, Шынар Каюпова мен кәсіпкер Тілек Абуов өнерлерін көрсетіп, бақтарын сынады. Әділқазы алқасы әр ән шырқаған қатысушыға  пікір айтып, бағалап, дауыстарын берді.

image-15-06-24-10-51-8

Айта кету керек, екінші кезең 21 маусым күні кешкі сағат 20:00-де аудандық мәдениет және демалыс саябағында өтетін болады.

 

Ендеше, қатысушыларға сәттілік тілеп қояйық!

 

Асыға, сағына күткен «Екі жұлдызды» бірге анықтап, ауданның жұлдызды жұбын бірге таңдайық! Келіңіздер, көріңіздер!

 

 

 

Бану Берікқали,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале