19.06.2024, 12:30
Оқылды: 67

Жәнібекте индикаторлардың орындалу барысы талқыланды

Жәнібекте аудан әкімі Тимур Шиниязовтың төрағалығымен жиналыс өтіп, оған облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Бибигүл Қонысбаева және осы басқарманың өңірлік даму бөлімінің басшысы Райса Еркеғалиева, сондай-ақ аудан әкімінің орынбасарлары мен дербес бөлімдердің басшылары мен аудандық орталық аурухананың директоры қатысты.

7069396A-A9F3-4873-BB31-FD2056DD5B7D

Жиналыстың күн тәртібінде: «Дипломмен – ауылға», «Қаладан – ауылға» бағдарламалары және «2021-2025 жылдарға арналған облыстың даму жоспарының мақсатты индикаторлары бойынша күтілетін нәтижелер туралы» мәселелер қаралды.

Төрағалық етуші сөз кезегін облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Бибигүл Қонысбаеваға берді.

Ол өз кезегінде Жәнібек ауданында мақсатты индикаторлардың орындалуы туралы ақпаратты қатысушылар назарына ұсынды.

Бибигүл Тишанқызының айтуынша, барлығы 17 индикатор 13 ауданға тиесілі болса, соның 8-і орындалып, 5-еуі орындалмаған. Орындалмаған индикаторлар жөнінде аудан әкімінің орынбасары Мирболат Бисенов айтып өтті.

Оның сөзінше, осы жылы бағдарлама аясында Жәнібек ауданы бойынша 17 мақсатты индикатор жоспарланған. Оның ішінде төрт мақсатты индикатор бойынша жоспарлы мәндер көрсеткіштері белгіленбеген.

Былайша айтқанда, өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы, нормативтік жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі сияқты индикаторлардың орындалмай қалу қаупі бар екен.

Қазіргі таңда жоспарлы мәні бар 13 индикатордың 8-і орындалып отыр. Осы жылдың соңына дейін барлығы 13 көрсеткіштің 9-ы орындалады деп жоспарлануда.

Бибігүл Қонысбаева өз сөзінде кейбір туындаған мәселелер бойынша тиісті салалық басқармалармен хабарласып, мән-жайды анықтап отыруға кеңес берді. Сонымен бірге өз саласы бойынша алдағы уақытта күтілетін өзгерістер туралы да айтып өтті.

«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша да әңгіме өрбітіп, қатысушылардың сауалдарына жауап берді. Жиналысты Тимур Серікұлы қорытындылап, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша нақты тапсырма берді.

Асқар Құсайынов

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале