Бүгін Жәнібек ауданы әкімі Азамат Сафималиев тұрғындар алдында есеп беруде. Аудан әкімі өз баяндамасында әлеуметтік салаға, соның ішінде медицинаға да тоқталып өтті.
-Елімізде төтенше жағдай және карантиндік режім енгізілгеннен бері аудан бойынша 255 адам індетке шалдығып, 5 адам дүниеден озды. Аудандық аурухана базасында 25 төсектік инфекциялық бөлімше және 25 төсектік провизорлық бөлімше ашылды. Ағымдағы жылдың 4 ақпан күніне 55 адам вирус жұқтырды. Бүгінде үй карантинінде 14 адам, инфекциялық стационарда 6 адам ем қабылдауда.
Аудан бойынша коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында нысандардың санитарлық талаптарын тексеруге 10 мониторингтік топ құрылды. Өткен 2020 жылы тәртіпті бұзған тұрғындардан 2 млн. 201 мың 670 теңге, биыл 218 775 тг. айыппұл өндірілді, - деді аудан басшысы Азамат Сафималиев.
Г. Мәди,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz