27.09.2024, 0:00
Оқылды: 141

Жәнібекте Қарттар күніне арналған мерекелік кеш өтті

1 қазан күні ел болып Қарттар күнін тойлаймыз. Асылы, үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан қасиет-салтымыз. Қарттары бар ел – қазыналы ел. Осы орайда бүгін Жәнібек аудандық ардагерлер үйінде А.Оразбаева негізгі мектебінің оқушыларының қатысуымен «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кеш өтті.

image-26-09-24-07-29

Шараға ардагерлер ұйымының, Аналар кеңесінің мүшелері мен аудандық кітапхана ұжымы қатысты.

Кеш Айжана Қабдрахимның орындауында «Атам мен әжем» әнімен ашылды.

image-26-09-24-07-29-1

Сонан кейін Еркеназ Жұмабек қазақтың домбырасын күмбірлетіп «Ертұран» күйін тарту етті, Томирис Қанатқали «Тек алға» әнін әуелетті. Өз кезегінде Гүлсезім Арыстанова мың бұралып би билесе, Нұрай Тілекқабыл «Мәңгілік бала бейне» монологін оқып, көптің көңіліне жылылық ұялатты.

image-26-09-24-07-29-2

«Ардагерлер ұйымы» РҚБ аудандық филиалының төрағасы Амангелді Уәлиев сөз алып: «Халықаралық деңгейде атап өтілетін бұл мерекенің еліміз үшін маңызы зор. Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол болар деген қазақ әр уақытта қарттарын құрметтеп өткен ұлт», – деді. Сонымен бірге ол шараға қатысқан оқушыларға алғысын білдірді.

image-26-09-24-07-29-3

Еңбек ардагері Нұрман Түменов ақ батасын беріп, кешті қорытындылады.

Бану Самат, 

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале