Бүгін Жәнібекте аудан әкімдігі жанындағы кәмелеттік жасқа толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтіп, оған комиссия мүшелері қатысты. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов ашып, жүргізіп отырды.
Жиынның күн тәртібінде: «Аудандық полиция бөлімінде «Қолайсыз отбасы» санатында тұрған отбасылар туралы» аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Дарын Сұлтанов, «Жасөспірімдер арасындағы 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында құқықбұзушылық жағдайы, қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар туралы» аталған полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Дарын Сұлтанов, «Кәмелетке толмағандардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылған үйірмелердің жұмысы туралы» аудандық мектептен тыс жұмыстар орталығының директоры Нұртілек Мизамбаев, «Түнгі уақытта көңіл көтеретін орындарда кәмелеттік жасқа толмағандардың спирттік ішімдіктер мен темекі өнімдерін сату деректерін анықтау бойынша жүргізілген рейдтік шаралар туралы» аудандық плоиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Дарын Сұлтанов, «Қиын өмірлік жағдайға тап болған, мемлекеттің көмегіне мұқтаж отбасылар мен балаларды әлеуметтік қолдау туралы» аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғибрат Айтқалиев, «Аудан мектептеріндегі оқушылардың денсаулығын сақтау, білім беру ұйымдарындағы медициналық кабинеттердің санитарлық талаптарға сәйкес медициналық құрал-жабдықтармен және дәрігерлік препараттармен жабдықталуы туралы» аудандық аурухана директорының орынбасары Арайлым Молдағалиева, «Кәмелетке толмағандар арасында жол-көлік оқиғаларының, қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың келеңсіз салдарының алдын алу мақсатында өткізілген және қоғамдық орындар мен көліктерде тәртіп мәдениетін сақтауға бағытталған іс-шаралар туралы» аудандық полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің мемлекеттік аға автоинспекторы Бекболат Есімов хабарламалар жасады.
Қаралған мәселелердің қай-қайсысы да маңызды болғандықтан, комиссия мүшелері оларды өзара пікір алмаса отырып, жан-жақты саралап, сараптап қарады.
Комиссия отырысын Жақсылық Каримоллаұлы қорытындылады.
Сейіт Қали
Жәнібек ауданы