30.08.2024, 0:39
Оқылды: 29

Жәнібекте Конституция күні аталып өтті

Бүгін Жәнібек аудандық мәдениет және демалыс саябағында 30 тамыз – ҚР Конституциясы күніне арналған «Тәуелсіз елдің тұғыры» атты салтанатты шара мен саябақтың жазғы маусымының жабылуына орай гала-концерт өтті.

image-30-08-24-12-03-3

Кеш жүргізушілері Нұрлыхан Каримов пен Анаргүл Молдашева мерекенің маңыздылығына тоқталып, сөз кезегін аудан әкімі Тимур Шиниязовқа берді.

image-30-08-24-12-03-7

Ол өз кезегінде: «Қайырлы кеш, қымбатты жерлестер! Сіздерді мемлекеттік мереке Қазақстан Республикасының Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Конституцияның қабылдануы – тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы айтулы күн. Конституция мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтқан жоқ, еліміздің болашағын, қоғам ғана мен биліктің демократиялық принциптерін, әлеуметтік-экономикалық бағыт-бағдарды айқындады. Бүгінгі күні конституцияның нормалары қазақстандықтардың күнделікті өмірінде берік орын алған. Ата Заңның ережелеріне жүгіне отырып қоғамда келісім мен бейбітшілікті нығайтуға, әр адамның жақсы тұрмыс құруын қамтамасыз етуге, жеке тұлғалардың шығармашылық, парасатты және кәсіби әлеуетін іске асыруы үшін қажет жағдайлар жасауға тырысамыз. Ата Заңымызға ұқыппен қарау, оны Отанымызды, тарихымызды қадірлегендей қадірлеу біздің ортақ міндетіміз. Конституцияда бекітілген адамның азаматтың құқықтары мен және бостандықтарын халықаралық стандарттарға сәйкестендіруіміз біздің басты жетістігіміз болып табылады. Құрметті жерлестер! Сіздерді мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, ашық аспан, отбасыларыңызға құт-береке тілеймін. Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы гүлдене берсін!» - деп, бір топ азаматқа өз атынан алғысхат табыс етті. Дәлірек айтсақ, ауданның ақсақалы, қоғам белсендісі Мертен Кенжеғалиев жақында толған мерейлі 80 жасымен құттықтап, деніне саулық тіледі. Сонымен қатар аудандық соттың судьясы Сәбит Аяпов, аудандық прокуратурасының аға прокуроры Жандос Қуанышбеков, аудандық соты әкімшісінің басшысы Әсел Салихова, аудандық соты әкімшісінің бас маманы Азамат Сахуов, аудандық сотының күзет қызметі Бағдат Молдашев, аудандық полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің мемлекеттік аға авто инспекторы Бекболат Есімов, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының қатысушылары Дияс Бейісов, Дастан Шаштығалиев, Динара Жұматова, Ерасыл Ғилаж алғысхатқа ие болды.

image-30-08-24-12-03-8

Сондай-ақ бүгін Конституция күніне орай өткен шағын футболдан аудандық турнирдің жеңімпаздары марапатталды. Ойынның нәтижесінде 1, 2, 3 орындарды тиісінше «Шекара бөлімі», «Полиция бөлімі» және «Аудан әкімдігі» командалары өзара бөлісіп алды. «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы» аталымдарымен сәйкесінше Ғибрат Айтқалиев, Алмат Қинаятов, Жалғас Сейілов және Ернар Ерболұлы марапатталды.

image-30-08-24-12-03-1

Сол сияқты мереке аясында облыстық ішкі істер департаментінің және учаскелік полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай аудандық ішкі істер бөлімі бастығының міндетін атқарушы, полиция майоры Мейрамхан Бапахов Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінің бастығы, полковник А.Оразалиевтің грамотасымен полиция қызметкерлері Айсұлу Қуанышқызы мен Аслан Серікұлын марапаттаса, учаскелік полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай мерекелік медальдарды Қазбек Иматовқа, Жандос Махсотовқа, Болатбек Оразғалиевке табыстады.

image-30-08-24-12-03-2

Салтанатты шара гала-концертпен жалғасты. «Ақмаржан» халықтық би ансамблі мен «Көзайым» би тобының бишілері мың бұрала билесе, әнші Райымбек Кәрімов «Атамекен» әнін орындады. Дуэт Әлібек Мақсотов пен Айнара Нұртаева «Елге тілек» әнін шырқады. Жақсыбайлық жезтаңдай әнші Гүлдана Тінәлиева «Әнші дауысы» әнін орындаса, аталған ауылдың жас домбырашылары жетекшісі Ерданат Серіковпен бірге «Би» күйін орындап берді. Алма Жанай «Елге сәлем», Асылан Боранбаев пен Шына Каюпова «Кездер-ай», Ақниет Қайрат «Келемін саған», Сымбат Капизова «Бағалаңдар жігіттер», Арай Сейфуллиева «Алдама», Қуаныш Аждуов «Жыламашы, жан гүлім» әндерін орындаса, оқуын тәмамдап, елге қайтып келген өнерлі домбырашы Наргиза Касумова Д.Нұрпейісованың «Науысқы» күйін шебер орындады. Гала-концерт Жеңісбек Жүсіп, Әлібек Мақсотов және Уәлихан Досалиевтің орындауында «Өз елім» әнімен қорытындыланды.

Гүлзара Мәди, 

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале