1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі мен Халықаралық би күніне орай Жәнібек аудандық мәдениет және демалыс саябағының кезекті жазғы маусымының салтанатты ашылуы өтті.
Саябақтың ашылуына тұрғындар көптеп жиналып, балақайлардың жүздері күлкіге толды. Салтанатқа жиналғандар аудан көркемөнерпаздарының ұйымдастырған концертін тамашалады.
ҚР Мәдениет саласының үздігі Зәмзәгүл Мұратованың жетекшілігіндегі «Ақмаржан» халықтық би ансамблі, Ұзынкөл мәдениет үйінің «Көзайым» бишілер тобы (жетекшісі Аяжан Жақсығұлова), Ақкүн Ибраеваның бөбек бишілері әр түрлі халықтың әрі түрлі жанрдағы билерін билесе, Райымбек Каримов, Қажымұқан Хамидолла, Лунара Сәбитова, Мейрамгүл Дәулетқалиева, Айнара Нұртаевалар көңілді әндерімен көрермендердің көңілін көтерді.
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz