1.05.2022, 23:59
Оқылды: 56

Жәнібекте мәдениет және демалыс саябағының жазғы маусымы ашылды

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі мен Халықаралық би күніне орай Жәнібек аудандық мәдениет және демалыс саябағының кезекті жазғы маусымының салтанатты ашылуы өтті.

496445B3-6D1F-4D50-9430-B6B135171DE3

Саябақтың ашылуына тұрғындар көптеп жиналып, балақайлардың жүздері күлкіге толды. Салтанатқа жиналғандар аудан көркемөнерпаздарының ұйымдастырған концертін тамашалады.

C0281042-9D07-4FC9-B456-BD0735B1CEED

ҚР Мәдениет саласының үздігі Зәмзәгүл Мұратованың жетекшілігіндегі «Ақмаржан» халықтық би ансамблі, Ұзынкөл мәдениет үйінің «Көзайым» бишілер тобы (жетекшісі Аяжан Жақсығұлова), Ақкүн Ибраеваның бөбек бишілері әр түрлі халықтың әрі түрлі жанрдағы билерін билесе, Райымбек Каримов, Қажымұқан Хамидолла, Лунара Сәбитова, Мейрамгүл Дәулетқалиева, Айнара Нұртаевалар көңілді әндерімен көрермендердің көңілін көтерді.

7EDD7EE0-7F62-4970-823B-FBC6B96D59DB

81F1700C-11A6-4F50-BB40-50144F99F0BF

98A7B9D0-BB27-4CB5-A3DD-3579BA0127A7
213E2FAC-35C7-4477-BC78-8C13AD96D097

547F8059-4B62-4206-B23F-CDC4BD5FBBC1

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале