Бүгін Жәнібек ауданы әкімдігінде аудан әкімдігі жанындағы кәмелеттік жасқа толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыста аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Дарын Сұлтанов аудан бойынша кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың және құқықбұзушылықтың алдын-алу жөнінде 1 жылда атқарылған іс-шаралар туралы баяндады. Оның айтуынша, 12 ай қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандар арасында қылмыс оқиғасы орын алған жоқ. Аудан бойынша 3 қолайсыз отбасы бар. Аталған отбасыларда 10 бала тәрбиеленуде.
- Облыс аумағында «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім» және «Демалыс» жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілді. Есепті кезеңде аудан бойынша 254 әкімшілік хаттама толтырылды.
Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша кәмелетке толмағандардың 218 заңды өкілі мен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша 36 ата-ана жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында құқықтық тақырыбында Жәнібек ауданы аумағында, оның ішінде мектептерде, лагерьлерде «Балдәурен» жазғы лагерінде демалған балаларға және М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінде 58 іс-шара өткізіліп, нашақорлықтың алдын алу және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында әңгімелесу және дәріс өткізілді. Сондай-ақ комиссия отырысында 12 айда 13 ата-ананың ісі қаралды,- деді Дарын Сұлтанов.
Сонымен қатар комиссия отырысында аудандық білім беру бөлімінің басшысы Асхат Молдағалиев ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан оқу озаттарын әкім, президент шыршасына қатыстыру туралы ұсынысын жеткізді.
Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы