Күні бүгінге төтенше жағдай режимі бойынша 9 ауылдық округ пен елді мекендерге, барлығы 78 техника жұмылдырылып, 26 094 орамашөп тасымалданды.
Аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің бізге берген мәліметіне сүйенсек, мал азығын тасымалдау жұмыстары биыл 15 желтоқсанға дейін жалғасады.
Қазіргі таңда 1 орамашөп 6 мың теңгеден жеткізілуде. Соңғы мәслет бойынша Ақоба ауылы мен Ұзынкөл ауылдық округіне қарасты Еңбекші елді мекен тұрғындарына мал азығы түсіріліп, толықтай қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар Жұмаев елді мекеніне 147, Жасқайрат ауылына 130 орамашөп келді.
Шөп тасымалымен бірге жем жеткізу жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Биыл қыс мезгіліне 4,5 мың тонна жем қоры қажет. Бүгінгі таңға 700 тонна жем азығы жеткізілді. 1 тоннасы 70 мың тенгеден сатылып жатыр.
Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы