2.04.2021, 16:32
Оқылды: 46

Жәнібекте өткен отырыста ұсыныс-пікірлер ортаға салынды

          Бүгін «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалының ғимаратында аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиевтің төрағалығымен Жәнібек ауданының әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы өтіп, оған комиссия мүшелері, дербес бөлімдер басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

 от

Кеңестің күн тәртібінде «Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу бойынша мәліметтерге, сондай-ақ тұрғын үй алған азматтардың тізімдеріне еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету туралы және мекемеде атқарылып жатқан жұмыстардағы сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттері көріністерінің алдын алу шаралары туралы» аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жарқын Хайырлиев, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша іс-шаралардың орындалуы туралы» Жақсыбай, Талов және Борсы ауылдық округтерінің әкімдері Алмат Қаратаев, Нұрдәулет Қыдырғалиев, Айгүл Бекқалиевалардың хабарламалары тыңдалды.

Отырыс барысында хабарламашыларға комиссия мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер ортаға салынды. Комиссия отырысын Асхат Хамитұлы қорытындылады.

 

Асқар Орынғалиұлы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress

Сурет aikyn.rz сайтынан алынды

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале