20.09.2024, 11:15
Оқылды: 94

Жәнібекте Рахметолла Егізбаев оқулары өтіп жатыр

Бүгін Ақ Жайық өңірінің айтулы азаматы, мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, КСРО Журналистер одағының мүшесі Рахметолла Егізбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған алғашқы «Рахметолла Егізбаев оқулары» байқауының ашылуы өзі тұрған үйдегі ескерткіш тақтасына тағзым етуден басталды.

8B2E64A0-CFFE-4E5A-B964-7E1B01E067DE

Шара әрмен қарай келер жылы 150 жылдығы тойланғалы отырған ақын, дінтанушы, Алаш қайраткері Ғ.Қараштың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен жалғасын тапты.

A355FA8C-90C0-400D-906C-4A76AA68EAC7

0864A25D-85DC-4ABE-9F96-FE85CD6A64B8
Гүл шоғын қою құрметі «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Біржан Қуанәлиев пен аудандық мәслихат төрағасы Тахир Қадимовқа табыс етілді.

Арай Сейфолла

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале