3.10.2024, 11:15
Оқылды: 133

Жәнібекте референдумға дайындық пысықталып жатыр

08648A89-8BED-4AFC-87FB-87DDA89BA291
Жәнібек ауданындағы учаскелік референдум комиссияларының референдумға дайындығын тексеру бағытында аудан әкімдігі, аудандық аумақтық референдум комиссиясы, аудан прокуратурасы, аудандық полиция мен төтенше жағдайлар бөлімдерінің басшылары Қамысты,Тау ауылдарында орналасқан №149, №148, №147 учаскелерінде болып, олардың материалдық жабдықталуы, референдум күнгі өткізілетін шаралардың ұйымдастырылу жұмыстарын көріп, бақылады.
ACA7778F-E253-409E-B4E2-E399BEA0488F
Учаскелік референдум комиссияларына заңдылықты, соның ішінде азаматтардың референдумға қатысу құқықтарын сақтау, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғау бағытында атқарылуы тиіс жұмыстар жөнінде айтылды.
Комиссия мүшелеріне дайындық барысын тиянақтау, референдумды жоғары деңгейде өткізу қажеттілігі ескертілді. Аталған жұмыс басқа да учаскелерде жалғасып жатыр.
Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале