4.02.2021, 10:00
Оқылды: 78

Жәнібекте робототехникадан жарыс өтті

Жәнібек аудандық мектептен тыс жұмыстар орталығының ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы робототехникадан жарыс өтті. Сайыс екі категория, яғни «Робо асық ату» және «Робо арқан тарту» бағыттары бойынша жүргізілді.

145490159_2239169719552364_1511990428185614180_n

Жарысқа Т.Жароков, Ө.Сахипов, Ғ.Сарыбаев атындағы мектептердің, №1 мектеп-лицейінің, Ұзынкөл орта мектебінің оқушылары мен аудандық мектептен тыс жұмыстар орталығының тәрбиеленушілері қатысты.

146097754_2239169442885725_8506648705586588612_n

Нәтижесінде «Робо асық ату» бағыты бойынша I, II, III орындарға сәйкесінше Т.Жароков, Ұзынкөл, МТЖО командалары ие болды. «Робо арқан тартыс» бағыты бойынша І орынға «МТЖО», ІІ орынға Т.Жароков, ІІІ Ғ.Сарыбаев мектептерінің командалары ие болды.

 

Г.Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале