Халықаралық балаларды қорғау күнін бүкіл әлем атап өтеді. Мерейлі мерекені Жәнібек аудандық шекара басқармасы да сән-салтанатымен өткізді. Басқарма басшысының ұйымдастыруымен өткен шараға шекара қызметкерлерінің балалары қатысты.
Шара барысында ұйымдастырушылар бүлдіршіндерді төл мерекелерімен құттықтап, өздерінің шынайы лебіздерін білдірді. Сондай-ақ белсенділік танытып, ойындарға қатысқан бүлдіршіндерге заттай сыйлықтар үлестіріп, оларды шексіз қуанышқа бөледі.
Балғындардың кіршіксіз көңілдеріне қуаныш сыйлаған шарада мультфильмдердегі танымал кейіпкерлер қызықты бағдарлама ұсынды. Мереке иелеріне тәттілер таратылды. Іс-шараның соңында әскери қызметкерлер игі шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Ә.Садық,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz