23.08.2026, 12:05
Оқылды: 15

Жәнібекте ұлттық дәстүрді дәріптеген қос буын сайлауға қатысты

Жәнібек ауданы Борсы ауылдық округіндегі №151 сайлау учаскесінде ұлттық дәстүр мен ұрпақ сабақтастығын дәріптеп жүрген «Ақ кимешек» әжелер ансамблі мен «Ақ босаға» келіндер отауының мүшелері бас қосып, Құрылтай сайлауында өз таңдауларын жасады.

image-23-08-26-11-46 (1)

Ақ жаулықты әжелердің байыпты болмысы мен ақ босағаның берекесін кіргізген келіндердің жарасымды бірлігі – сайлау учаскесіне ерекше көрік берді. Бірі көргені мен түйгенін кейінгі буынға аманат етіп жүрген ақылдың арқауы болса, бірі шаңырақтың шырағын жағып, салт-дәстүрді жалғаған ұрпақтың жалғасы.

image-23-08-26-11-46

Екі буын өкілінің бір жерде тоғысуы елдік құндылықтың сабақтастығын айқын көрсетті.

 

Бану Самат,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале