1.07.2022, 17:00
Оқылды: 68

Жәнібекте Ұлттық домбыра күні ұлықталды

Жәнібек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра - асыл қазына» атты мерекелік шара өтті.

IMG_5259

Шараны «Жәнібек сазы» халықтық-фольклорлық ансамбілінің орындауында «Ирен» күйімен ашылды.

Шара барысында қолынан домбырасы түспеген, ауданда күй өнерін насихаттап жүрген Шынтемір Рамазановтың орындауында Құрманғазының «Терісқақпай» күйін көрерменге тарту етсе, Әлиназар Қадыр Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» күйін шертті.

Сонымен қатар аудан өнерпаздары Ш.Рамазанов пен А.Кәрімов композитор Ермұрат Үсеновтың «Кербез сұлу» күйін тартып көрерменнің көңілін көтерді.

Мерекелік кеште жас өнерпаз Риза Әлібекова «Нәр ағашы» күйін күмбірлетсе, Тамара Кафарова халық әні «Илигай, әттең, шіркін-ай!» әнін шырқады.

Шара «Жәнібек сазы» халықтық-фольклорлық ансамбльдің орындауында Малғаждар Әубәкіровтің «Талас» күйімен аяқталды.

Лаура Қайратқызы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале