1.09.2023, 17:15
Оқылды: 7

Жәнібекте ұлттық ойын дәріптелді

Асық — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. «Асығың алшысынан түссін» деген көреген қарттар өзінің бата-тілегін осы ойынмен байланыстырып жеткізеді. 

7F43E1D9-70A8-4A6B-A92D-882D93C3E803

Дәлдік пен қырағылықты қажет ететін ойын бір қарағанда оңай көрінеді. Шындығында ойыншыны біраз әбігерге салып, терлететіні бар.

Әр бейсенбінің кешінде өтетін дәстүрге айналған спорт күні Жәнібек аудандық спорт кешенінде асық ойынымен жалғасын тапты. Жолдастық кездесуде ұлттық ойын дәріптеліп, мемлекеттік қызметкерлер ойынның бұрын-соңды білмеген ережелері мен құпияларын білді.

Асыққа асыққан аудан басшылар мен аудандық мәслихат депутаттары ұлттық ойынды аудан көлемінде кеңірек насихаттап, тартысты додалар ұйымдастырамыз деп шешті. Алдағы уақытта ұлттық ойынның бәсі биіктейтін болады.

Әлібек Қаржау

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале