28.11.2024, 12:16
Оқылды: 9

Жәнібекте үнемделген қаржы ел игілігіне жұмсалып жатыр

Өздеріңізге мәлім, биыл жыл басында электр бағаналарға таймер-реле орнатылып, жарықты уақтылы өшіріп-қосудың арқасында бір айдың өзінде 700 мың теңге қаражат үнемделген болатын. Қазақ қашанда «ысырап қылма, әр нәрсені үнеммен пайдалан» деген ұстанымды берік ұстанған.

image-28-11-24-12-42

Осыған дейін «Үнемделген ақшаны басқа көшелерге жарық жүргізуге немесе өзге де маңызды, ел игіліне арналған жұмыстарға қолданамыз» деген ауыл әкімінің сөзі, бүгінде шындыққа жанасып, іске асты. Үнемделген қаражат арқасында аудан орталығындағы тағы 2 көшеге жаңадан электр бағаналары орнатылып, көшелер жарықтандырылды.

Жәнібек ауылдық округінің әкімі Ғибрат Айтқалиевтің айтуынша, Жеңіс көшесінен бастап кіреберіске дейін, жалпы ұзындығы 780 метрді құрайтын М.Мәметова көшесінің бойына 26 электр бағаны орнатылса, Ғ.Қараш пен Абай көшелерін байланыстырып тұрған Ш.Шарафетдинов көшесіне 30 электр бағаны қойылды.

image-28-11-24-12-41-2

Бағаналарды орнату, жарық шамдарды қою үшін, жалпы жұмыстарға үнемделген қаражаттан 6 млн теңге жұмсалды. Екі көшеде әзірге фото-реле тұр екен. Фото-реле – жарық түскенде өшіп, күн батқанда қосылып тұратын құрылғы. Алдағы уақытта Ш.Шарафетдинов көшесінің фото-релесі таймерге ауыстырылып, тағы қосымша қаржы үнемделетін болады.

image-28-11-24-12-41-3

Ауыл әкімі сөзіне сүйенсек, алдағы уақытта жарығы жоқ көшелерге бағаналар орнатып, жарық жүргізуді жоспарлаған. Аудан әкімі Тимур Шиниязов іске асқан жұмыстарды көріп: «Әлі де бұндай игі істер жалғасын табатын болады», - деді.

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале