29.08.2024, 22:00
Оқылды: 129

Жәнібекте үш жылға арналған жоба басталды

Жәнібек аудандық маңызы бар «Жәнібек–Талов–Кіші өзен» автомобиль жолының 92-128 шақырымына күрделі жөндеу жұмысы басталды. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов айтып берді.

CF556EE1-C52A-4FE9-B288-70EBF0B4210B

– Асфальт жабынын төсеу жұмыстарын мердігер «Қызылорда жолдары» ЖШС мен қосалқы мердігер «Ақтөбе жарық» ЖШС атқарып жатыр. «СП Бірлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі техникалық қадағалайтын болады. Жобаның авторы – «ОралВодПроект» ЖШС-і. Асфальт төсеу жұмысы үш жылға арналған. Жұмыс биылғы берілген қаржыландыру жоспарына сай атқарылатын болады. Қазіргі таңда 92 шақырымнан бастап бір шақырымға жол жабыны дайындалуда. Жақын арада аталған аймаққа асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетін болады. Құрылысқа қажетті арнайы техникалар мен мамандар жеткілікті. Ескере кететін жайт, тұрғындарға уақытша қолайсыздықтар туады. Жоба бойынша айналма жол қарастырылмаған. Борсы ауылында су тоғаны болмағандықтан айналма жолдарға су себу жұмыстарын жүргізу мүмкін болмай тұр. Сол себепті Талов, Жақсыбай ауылының тұрғындарын уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз, - деді ол.

4B2B258E-CC4F-4FFB-BD46-AA5CC3B4B88E

E014C5BC-A2D0-4FC6-9022-9A22E890902D

551CCABB-12BB-4C80-8BE8-ED13442E77C2

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале