27.09.2021, 14:51
Оқылды: 58

Жәнібекте жамағат арасында турнир өтті

Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырысы бойынша «Кәусар» діни қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ауылдық мешіт жамағаттары арасында шағын футболдан турнир өтті.

D5D0D814-86BC-4D05-8BE6-0E792416D208

Аталмыш іс-шара еліміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Мешіт жамағаты арасында өткен футбол турнирінің мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, ауыл жастары арасында  спортпен шұғылдануға ықпал ету, жамағат арасындағы байланысты нығайту.

Өзара бақ сынасқан командалар арасынан І орынға Жәнібек ауылынан қатысқан «Бәракат» командасы, ІІ орынға Жәнібек ауылының «Шебер» командасы, ІІІ орынға Қамысты ауылынан «Ихсан» командасы ие болды.

Ә. Садық,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале