19.09.2024, 16:00
Оқылды: 133

Жәнібекте жаңа дүкен ашылды

Бүгін Жәнібек ауданының тұрғындары үшін тауарлардың алуан түрлілігімен ерекшеленген «Жайна» азық-түлік дүкені есігін айқара ашты.

CFB25BF7-A4C1-4836-8DBC-639F17585EE0

Манарбек пен Гүлжайна Тастановтардың бастамасымен ауданда заманның жаңа ағымына сай шағын дүкен жұмысын бастады. Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Мирболат Бисенов:

«Жаңа азық-түлік дүкені ел игілігіне есігін айқара ашты. Ауданның сауда нысандары тағы бір дүкенмен толықты. Еліміз жыл сайын дамып, ауданымыз көркейіп келеді. Болашақта да осындай кәсіпкерлер көбейіп, көркейе берсін. Халықтың қуанышына айналған дүкеннің ресми ашылуымен құттықтап, кәсіпкердің ісіне сәттілік тілеймін», - деді.

080D8620-A876-4EAE-AFB5-0B8AA2B52349

Өз кезегінде сөз алған дүкен иесі Гүлжайна Ерболатқызы жиналған қауымға қош келдіңіз айтып, дүкеннің лентасы қиылды.

Ауыл тұрғындары дүкеннің ішіне кіріп, ақ пен бауырсақтан дәм татты. Бірінші күннен-ақ жаңа дүкеннің саудасы қызу жүріп бастады.

A32E158B-1DEC-4F95-BEBC-920979F0F12D

Гүлжайна Ерболатқызы бұдан бұрын ауыл халқын киім, аяқ киім сияқты тауарлармен қамтамасыз етіп келсе, енді жеміс-жидек, бау-бақша өнімдері, тәттілер, сондай-ақ  түрлі ет тағамдарымен қамтамасыз етпекші.

F2871FFD-2E4B-4951-8449-D4128A582124

Айта кету керек, азық-түлік дүкені кәсіпкердің жеке қаражатымен ашылды.

Бану Самат

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале