24.05.2022, 16:15
Оқылды: 76

Жәнібекте жаңа сауда үйі ашылды

Жәнібек ауданы орталығында «Әлем» сауда үйінің ашылу салтанаты өтті. Жаңа нысанның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Азамат Сафималиев ауданда кәсіпкерлік нысандардың көбейгенін тілге тиек етіп, жаңа сауда үйінің тұрғындарға сапалы өнім ұсынып, тиімді қызмет көрсетуіне ізгі тілегін жеткізді.

IMG_2521

Ағайынды жеке кәсіпкерлер Елемесовтердің бастамасымен салынған замануи үлгідегі «Әлем» сауда үйінде тұтынушыларға азық-түлік өнімдері ұсынылады.Кәсіп иелері осы бастамасы арқылы 11 адамды жұмыспен қамтып отыр. Сауда орыны замануи техникалармен, касса аппараттарымен толықтай жабдықталған.

IMG_2532

-Супермаркетті Орал қаласы мен шекаралас Ресей елінің ауданға жақын орналасқан қалаларынан әкелінген азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ететін боламыз. Жаңа нысанның ішінде тамақтануға арналған дәмхана мен алдағы уақытта жалға берілетін орындар бар,- деді кәсіпкер Есқайыр Елемесов.

IMG_2552

Аталған супермаркеттен алғаш сауда жасаған тұтынушыға 10000 теңгенің сертификаты табысталды. Сондай-ақ 5000 теңгеден жоғары сауда жасағандар арасында лоторея ойнатылды.

IMG_2558

Лаура Қайратқызы,

 Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале