Бүгін Жәнібек ауданының орталығындағы «Әлем» базарында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
-Жәрмеңке барысында Жәнібек ауылының жеке кәсіпкерлері үш бас ірі қара әкелді. Ал Тау ауылынан кәсіпкерлер екі бас ірі қара, Ақоба мен Қамысты ауылының кәсіпкерлері бір-бір жылқыдан әкеліп, келісін 1300 теңгеден саттыққа шығарды. Сондай-ақ Жәнібек ауылынан 35 келі күркетауық еті, 10 келі сары май, бес келі құрт және он литр айран тұтынушылар себетіне жол тартты,- дейді аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Рустам Аманғалиев.
Л.Халина,
Жәнібек ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер