7.09.2024, 11:00
Оқылды: 107

Жәнібекте жас отбасылар бақ сынасты

Қазақстанда қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күні атап өтіледі. Биыл мереке 8 қыркүйекке тұспа-тұс келді.

image-06-09-24-08-42-1 (1)

Отбасы мерекесі күніне орай Жәнібек аудандық кітапхана мен аудандық Ішкі істер бөлімінің ұйымдастыруымен әр бөлімдегі жас отбасылар арасында «Отбасым – бақыт мекенім» атты интеллектуалды сайысы өтті.

Аталған сайыста аудандық полиция бөлімі, шекара бақылау бөлімі және мәдениет бөлімінде қызмет атқаратын Бейбарыс Санатов, Айдар Сүндетәлиев, Қуаныш Аждуов жұбайларымен төрт кезең бойынша бақ сынасты. Жастық жігерлерімен әдемі де әсерлі кештің өтуіне ат салысқан отбасылар, жеткен жетістіктерін паш етіп, өз өнерлерін көрсетті, бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктерін талқылады. Сайысты аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының орынбасары Жәннат Мұстафина және Жәнібек ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ерназар Опиев қорытындылап, құттықтау сөзін сөйледі.

image-06-09-24-08-42-2

Қатысушы жұптарға түрлі мәтіндегі аталымдар мен алғысхаттар табыс етіліп, аудандық полиция бөлімінің арнайы сый-сыяпаттары берілді.

Арай Сейфолла, 

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале