Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2022 жылғы 8 қарашада сағат 15:00-де «Жолаушы» МКК-ның тарату желілері арқылы су беру қызметтеріне тарифтер мен тарифтік сметалар жобаларын қарау бойынша жария тыңдау өтетінін хабарлайды.
Жария тыңдау Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылының «Мәдениет үйі» ғимаратында өтеді:
Департамент тұтынушылар мен басқа да мүдделі тұлғаларды жария тыңдауға шақырады.
Сонымен қатар, көптеген мүдделі тұлғалардың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында Жария тыңдаулар ZOOM қосымшасы арқылы онлайн режимінде (сілтеме: https://us04web.zoom.us/j/77750803551?pwd=fe91yRD3eSWiBKmqX4WDjKXLs563oz.1, конференция идентификаторы: 777 5080 3551, кіру коды: qa7y9K) және Facebook әлеуметтік желісінің ресми бетінде (https://www.facebook.com/profile.php?id=100058998086180) қатар өтеді.
Жария тыңдауға қатысу үшін жоғарыда көрсетілген сілтеме бойынша немесе «FACEBOOK» қосымшасында іздестіруге ДКРЕМ ЗКО атауын енгізу қажет.
Уәкілетті органның байланыс телефоны: 8 (7112)250383.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің
БҚО бойынша департаменті