28.11.2024, 15:15
Оқылды: 31

Жәнібекте жүйелі жүргізілген жұмыс оң нәтижесін беріп отыр

Бүгін Жәнібекте аудан әкімдігі жанындағы кәмелеттік жасқа толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті.
image-28-11-24-01-21-1
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов ашып, жүргізіп отырды.
Күн тәртібінде наркотикалық, психикаға белсенді әсер ететін заттарды және спирт ішімдіктерін пайдаланатын жасөспірімдерді, сондай-ақ ата-аналарын анықтау, есепке алу, емдеу және оңалтудың жағдайы және шаралары мен балалар арасында психологиялық көмектің тәсілі мен негізін түсіндіру, балалар мен жасөспірімдер ортасында оң әлеуметтік-позитивтік мінез-құлықты насихаттау жұмысын жүргізу туралы мәселелер қаралды.
image-28-11-24-01-21-3
Аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Дарын Сұлтанов пен №1 мектеп-лицейдің директоры Сапар Мәмбеталиев аталған мәселелер хақында баяндады. Жиынға дербес бөлім басшыларынан бөлек ауылдық округ әкімдері мен мектеп директорлары онлайн қатысты.
Х.Халиуллин атындағы орта мектебінің директоры Елдос Әліпқалиев, Ұзынкөл орта мектебінің директоры Лунаргүл Дишенова, Ө.Сахипов атындағы орта мектептің директоры Жандос Меңдіғалиев аталған мектептерде жоғарыда қаралып жатқан мәселелер турасындағы ахуал жөнінде баян етті.
image-28-11-24-01-21-2
Балалар мен жасөспірімдер арасында оң әлеуметтік-позитивтік мінез-құлқын қалыптастыру мен насихаттау бағытында мектеп әкімшілігі, ата-аналар, қоғамдық ұйымдар бірлесіп жүргізіп отырған жүйелі жұмыстар оң нәтиже беріп отырғандығын жеткізді.
Мектеп оқушылары арасында жүргізілетін тәртіп бұзушылыққа қарсы 2024-2025 оқу жылына арналып құрылған жұмыс жоспары аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе атқарылып, жақсы нәтиже беріп жатқандығын алға тартты.
image-28-11-24-01-21-4
Жандос Жұматайұлы мектепте оқушылар арасында «Жас Ұлан», «Адал ұрпақ», «Жас Сарбаз», «Ұшқыр ой» дебат клубының құрылуы мектептегі оқу-тәрбие процесінде, оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдаланып, құқықбұзушылықтың  алдын алудағы тиімді шаралар кешені болғандығын айтты. Сол сияқты басқа ауылдық округтердің мектеп басшылары да жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмау, есірткі және басқа да зиянды заттарды қолданудың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Отырыс соңында Жақсылық Каримоллаұлы жиынға қатысушыларға қолайсыз отбасыларды жіті бақылауда, бекітілген жұмыс жоспарын орындауды қатаң қадағалауда ұстауды тапсырды.
Арай Сейфолла
Жәнібек ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале