9.04.2024, 13:00
Оқылды: 43

Жәнібектен көмек аттанды

Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын халқымыз су тасқынының зардабын жұмыла жеңбек. Еліміздің әр өңірінде гуманитарлық көмек қабылдау орындары жұмыс істеп жатыр. Осы орайда жәнібектіктер де қалыс қалмай тілсіз жаудың құрсауында қалған отандастарға қажетті заттар тасып, ерекше белсенділік танытуда.

278ced02-64d9-48ad-b8c8-9bee81eef49f

- Жәнібектіктер игі істен қалыс қалып жатқан жоқ. Қазір ардагерлер үйіндеміз. Мұнда су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына гуманитарлық көмек жиналып, жүк көлігіне тиелді. Қара күш те көмекке аттанды. Ауданның жастары, еріктілері болып, көмекке бара жатыр. Қысылтаяң шақта қол қусырып отырмай, жанашырлық танытқан тұрғындарға алғыс айтамыз. Гуманитарлық көмек екі жерден қабылданып жатыр. Ардагерлер үйі мен мешітте. Бүгін орталыққа азық-түлік, төсек орын, гигиеналық заттар тиелген бір жүк көлігі мен 16 ерікті жастар аттанды. Көмек жиналғанға қарай тағы жіберетін боламыз,- деді «Ардагерлер ұйымы» РҚБ аудандық филиалдың төрағасы Амангелді Уәлиев.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

802ddbbe-9733-4eb3-b7a1-66dec7787c0d5261ca6c-65c0-4bb9-b97a-dd2109188c64

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале