6.09.2024, 18:00
Оқылды: 157

Жәнібектік анаға «Күміс алқа» табысталды

Бүгін Жәнібекте аудан әкімінің орынбасары Мирболат Бисенов Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 15 тамыз №623 Жарлығына сәйкес жәнібектік көпбалалы ана Айнагүл Бекетоваға «Күміс алқа» алқасы мен куәлігін табыстады.

A1AC85F3-F43B-4931-A3E8-7CCF012DA988

Мирболат Бауыржанұлы ел демографиясына үлес қосып отырған көпбалалы ананың деніне саулық, отбасына амандық тіледі.

– Шаңырақтың шаттығы мен берекесін келтіріп, әр үйдің шамшырағы болып отырған аяулы аналардың қоғамдағы рөлі қашан да бөлек. Сізге ең бірінші сарқылмас саулық тілеймін. Ұрпағыңыздың қызығын көріңіз,- деді ол.

Өз кезегінде бес ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған Айнагүл Қазбекқызы Мемлекет басшысына, аудан әкіміне алғысын білдірді.

Бану Берікқали

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале