Бүгін Орал шаһары, Зашаған кенті "Алтын орда" мәдениет үйінде облыстық ардагерлер кеңесінің қолдауымен, Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі "Мәдени ағарту бірлестігінің" "Шұғыла" және "Жұлдыз" комьюнити орталықтары 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күніне орай ардагерлер арасында "Майдан әндері" атты вокалды топтардың облыстық ән байқауын ұйымдастырды.
Аталған байқаудың нәтижесінде аудан намысын жықпаған "Ақниет" ансамблі Хиуаз Доспанова атындағы арнайы жүлдені олжалады.
Яғни байқау ережесіндегі екі арнайы сыйлықтың бірін қоржынға салды. Сондай-ақ ансамбльді жоғары деңгейде сүймелдеген Шынтемір Рамазановқа облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Мақсот Берген мен "Мәдени ағарту бірлестігінің" директоры Серік Тоқмамбетовтің атынан алғыс хат табысталды.
Әлібек Қаржау,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz