Тоғызқұмалақтан екі дүркін әлем чемпионы, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері Әсет Қайыржанов Жәнібек ауданының Жақсыбай ауылында дүниеге келген. Ол «Наурыз – 2024» Ұлттық сыйлығында тоғызқұмалақтан "Үздік спортшы" аталымын иеленді.
Әсет Бауыржанұлы ауданымыздың, облыстың һәм республиканың намысын әлемдік додаларда қорғап жүр. Жас болса да, ойына, біліміне сенген жас спортшының республика сахнасына шығып алған марапаты жәнібектіктердің де көңілін аспандатты деуге болады
.
Ендеше «біздің бала» деп үкілеп үміт артқан тоғызқұмалақ шеберінің жетістігі еселене берсін демекпіз!
Әлібек Қаржау,
Жәнібек ауданы